Көкшетауда жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды, - һдеп хабарлайды Aikyn.kz.
4 шілдеден бастап полиция мен еріктілер іздеген әйелдің денесі табылды.
1991 жылы туған Алина Матушко 4 шілдеде Көкшетауда жоғалып кеткен болатын. Ол Абай 139а/210 мекен-жайындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткен.
Жоғалған адамның денесі 6 шілдеде табылды. Оқиғаға не себеп болғаны нақтыланбаған.