Алматыда құтқарушылар кәуап дайындайтын үй-жайдағы отты сөндірді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін таңертең Бостандық ауданында мейрамхана аумағында 30 шаршы метр алаңдағы жеке тұрған кәуап дайындайтын үй-жай жанды, - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
«ТЖМ күштері жақын орналасқан объектілерге жалынның таралу қаупін қысқа мерзімде жойды. Өрт шақырту түскен сәттен бастап 17 минут ішінде сөндірілді», – деп толықтырды ведомство.
Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.