Италияның NEOS әуекомпаниясы Астанадан Миланға рейстер ашады, – деп жазады Aikyn.kz.
Астана әуежайының мәліметінше, рейстер Boeing 787 Dreamliner ұшағымен орындалады.
"Екі астана арасында тікелей әуеқатынасының пайда болуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмді дамытуға септігін тигізеді", – делінген хабарламада.