ТЖМ қызметкерлері Түркістан облысындағы бір қабатты жеке балабақша ғимаратының шатырында шыққан өртті сөндіріп жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«ТЖМ күштерімен өрт 270 шаршы метр аумақта оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда», - делінген хабарламада.