Триатлоннан Қазақстан командасының мүшесі Аян Бейсенбаев Көкшетауда өткен Азия кубогінде күміс медаль еншіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, спортшы межелі қашықтықты 01:48:18 уақыт көрсеткішінде бағындырды. Ол өзбекстандық Джереми Киндосудан бір секундқа қалып қойды. Жеңімпаздың уақыт көрсеткіші – 01:48:17.
Үшінші орынды чехиялық Филип Михалек иеленді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.