Мақпал Жүнісованың 23 жыл бұрынғы бейнежазбасы жұрттың жүрегін елжіретті

Желі қолданушылары Халық әртісінің жас кезіндегі дауысы мен сыр-сымбатына тәнті болды.

Әнші Мақпал Жүнісова 23 жыл бұрынғы видеосын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Бейнежазбадан Халық әртісі марқұм Талғат Атшыбаевтың әні мен сөзіне жазылған "Шалқымалы" әнін сахнада орындағанын көруге болады. Ал әншінің жары Заманбек Нұрқаділов залда көрермен болып отырған.

Желі қолданушылары Халық әртісінің жас кезіндегі дауысы мен сыр-сымбатына тәнті болды. 

"Әттең, Зәкең тірі болғанда бәрі басқаша болар еді", "Көйлегіңіз өте әдемі", "Бақытты әйел болған уақыт", "Ер азаматың болғаны қандай жақсы, арқа сүйейсің, еркелейсің", "Ағамыз бар, бақытты шақ екен ғой" деп жазды оқырмандар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.