Әлем кубогы: Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден үш медаль иеленді

Бұған дейін Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы да күмісті қанағат тұтқан болатын.

Венгрия астанасы Будапештте өткен әртістік жүзуден Әлем кубогының финалына шыққан Қазақстан құрамасы спортшылары екі күміс және бір қола медаль еншіледі, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, еркін бағдарлама бойынша жекелей сында өнер көрсеткен Виктор Друзин күміс жүлдегер атанды. 

Сондай-ақ, акробатикалық бағдарлама бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль иеленді. 

Айта кетсек, Әлем кубогының іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша ең жоғары рейтингіге ие 12 команда 3-5 шілде аралығында Венгрияның Будапешт қаласында өткен суперфиналда өнер көрсету құқығына ие болған болатын. Олардың арасында Қазақстан құрамасы да бар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.