Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан Азия кубогі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Турнирде тоғыз команданың өкілі күш сынасты. Жалпы есебі 355 спортшы Алматы татамиінде өзара мықтыны анықтады.
Қазақстан командасы аталған турнирде 6 алтын, 7 күміс және 14 қола медаль иеленіп, жалпы есепте екінші орыннан көрінді.
Бірінші орын Өзбекстан құрамасының еншісінде. Олар 6 алтын, 7 күміс және 16 қола иеленген.
Үздік үштікті Моңғолия тұйықтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.