Көкшетауда із-түзсіз жоғалған 33 жастағы әйелдің денесі табылды. Полиция осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстады.
Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған әйелдің денесін табу дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
«Күдікті анықталып, ұсталды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - деп түсіндірді ведомстводан.
Айта кетсек, Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны осы жылдың 4 шілдесінде үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Сол күні оған іздеу жарияланып, полиция мен еріктілер іздестірді.