Әнші Меруерт Түсіпбаева баласына қымбат көлік сыйлаған Мадина Сәдуақасованы сынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Instagram желісінде жазды.
"Мен 20 жастағы балама қымбат көлік сыйлағанымда, екі ай бойы ұялып жүрді. Көлікті курстастары көрмесін деп, университеттің ауласына кірмей, машинасын тығып жүріпті. Бір көше жетпей тоқтап, ары қарай жаяу барған. Маған да "Мама, машинаны желіде салмашы" дегенде мен қатты қуандым. Шүкір деп, риза болдым. Халқым аурушаң балапандарын емдей алмай, қол жайып отырғанда мынасы ұят болды Мадинаның. Асыра сілтеу әрі мақтану. Әріптесім үшін ұялып отырмын. Сөзім жоқ", – деп жазды әнші.
Айта кетейік, Мадина Сәдуақасова 10 жастағы баласына салоннан су жаңа көлік әперген еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.