Оқиға Астана қаласындағы Қалдаяқов көшесінде болған. Көлік жүргізушісі тәртіп бұза отырып, автобустың алдына шығып кеткен. Артынан ол көлігінен шығып, автобус жүргізушінің бетіне бұрышты газ шашты.
«Автобус пен «Kia» маркілі көлік жүргізушісінің арасындағы жанжал күндіз Қалдаяқов көшесінде болды. Көлік жүргізушісі жол ережесін бұза отырып қоғамдық көліктің алдына шығып алған. Артынан көліктен түсіп, автобус жүргізушісінің бетіне бұрышты газ шашып, бой тасалап үлгерген», – делінген полиция хабарламада.
Іздестіру жұмыстарының барысында «Kia» маркілі көліктің 37 жастағы жүргізушісі ұсталып, көлік тұраққа қойылды. Сот шешімімен ол бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.