Qazaq Air Вьетнам холдингіне 2 миллиард теңгеге сатылады

Жақында әуе компаниясы вьетнамдық холдингіне сатылмақ.

Көлік министрі Марат Қарабаев Qazaq Air компаниясы SOVICO Group вьетнамдық холдингіне сатылатыны жайлы айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz  сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Қарабаевтың айтуынша, авиакомпания Вьетнам холдингіне 2 миллиард теңгеге сатылады. Бұл ретте Qazaq Air қарызы 38 миллиард теңгеге жеткен.

Мәміле күзге дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Самұрық-Қазына» инвестхолдингіне тиесілі авиакомпания бірнеше рет сатылымға шығарылды. Жекешелендіру бойынша байқау алғаш рет өткен жылдың тамыз айында жарияланды. Компанияны сатудың бастапқы құны 10,2 миллиард теңгені құрады. Бірақ өтінімдердің болмауына байланысты аукцион болған жоқ.

SOVICO Group – Вьетнамдағы әртараптандырылған конгломерат. Холдинг құрылыс, банк, қаржы, энергетика және авиация салаларында маманданған. Ол VietJet Aviation компаниясын басқарады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.