Атырау облысында жасөспірім кісі қолынан қаза тапқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 3 шілдеде Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында болды. Кісі қолынан қаза тапқан 17 жастағы жасөспірім жақында мектеп бітірген.
"Жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 2005 жылы туған", – деп жазылған хабарламада.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.