Алдағы үш күнде оңтүстік циклонның әсерінен атмосферадағы синоптикалық жағдай қалыптасады, деп жазады Aikyn.kz.
Күн райы бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, 12-13 шілдеде батыста, 13 шілдеде оңтүстікте, орталықта кей уақыттарда қатты нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Қазақстан бойынша найзағай соғып, бұршақ жауады, дауыл мен жел күшеюі мүмкін.
Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+30°С дейін, солтүстік-батыста +20+30°С дейін төмендеуі ықтимал. Ал республиканың солтүстігі мен шығысында сынап бағанасы +28+38°С дейін жоғарылайды. Басқа өңірлерде айтарлықтай өзгерістер болмайды.