Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы іс қозғады. Адам өлімінің себеп-салдарын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданады», – деді Салтанат Әзірбек.
Еске салайық, 2018 және 2020 жылдары Алматыда артық майдан арылғысы келген екі әйел ажал құшқан еді.