Әдетте, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, жалған фирмалар арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта прокуратураның қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кіріс органдары, жалған фирмалардың мемлекеттік тіркеудің жарамсыз деп тану жұмыстарын жүргізуде.
«Шетел азаматтарының ел аумағына заңсыз келуіне, жалған құжаттар бойынша тұрақты тұруға рұқсат алу негіз болған. 05.06.2024 жылы Наурызбай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігімен Наурызбай ауданының прокуратурасы бастаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша айыптау үкімі шығарылды. Кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды», - деп хабарлады прокуратура.