Қытайда хит-парадтар топтамасында Димаш орындаған саунтрек көш бастады
Қытайда хит-парадтар топтамасында Димаш орындаған саунтрек көш бастады
© vk.com
Димаштың Қытай серияларына арналған саунтрегі QQ MUSIC платформасында топ жарып, І орынға шықты. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.   
"Менің жаңа қытай сериалына арнап орындаған саундтрегім Қытайдағы QQ MUSIC платформасында бірінші орынға шықты. Ал мынау, I am singer жобасынан бері үш жыл бойына бірге жұмыс істеген қытайлық командаммен (Black Golden company қарасты агенттер, продюсерлер, менеджерлер) сурет). Жақында жаңа жобалар дүниеге келеді, күтіңіздер", - делінген жазбада.