Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде 17 жыл бұрынғы видеосын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бейнежазбадан әнші сахнада ән салып тұрғанын көруге болады.
"2007 жыл. Сахнада бәрі Мақпал Жүнісовалар. Мерейден басқасы", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Халық әртісіне ақ тілегін айтып, пікір білдірген.
"Жап-жас, сұп-сұлусыз. 47 жаста екенсіз. Сізге "Халық әртісі" атағы лайықты берілген ғой", "Әндерінің бәрі тамаша", "Осы кеште болғанмын. Мақпал аттас қыздардан 24 пе, 27 ме қыз болған. Әр облыстан, әр ауылдан Мақпал Жүнісовалар келген", - деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.