«Қайрат, Әбдіжаппар үшеуіміз демалуды ойлағанбыз»: Тұрсынбек Қабатов әзілімен жұртты күлдірді

Ол темір тордан шыға сала концерт берген болатын.

Ұшақ бортында стюардессаны балағаттап, жолаушылардың мазасын алғаны үшін бес тәулікке қамалған танымал әзілкеш, «Әзіл әлемі» театрының басшысы Тұрсынбек Қабатов әзілімен жұртты күлдірді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол темір тордан шыға сала концерт берген болатын. 

“Негізі жақсы сөйлеу керек екен. Қайрат, Әбдіжаппар үшеуіміз бір жерде отырдық қой. Концерттерден, той-томалақтардан шаршап кеттік. "Бір демалу керек еді" деп әңгімелесіп отырғанбыз. Негізі демалатын басқа жерді ойлағанбыз. Ана жақты ойламадық. Сөйтіп демалып келдік. Мен бес күн сұрап алдым. Қайрат қатты шаршаған-ау, 15 күн сұрап алды. Әбдіжаппар 10 күн алыпты. Негізі жақсы жігіттер ғой. Ерке жігіттерді халық қолдайды. Жігіттер демалып жатыр", – дейді актер. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жұлдыздар әлемі⭐️⭐️⭐️ (@juldyzdar.qaz)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.