Атырауда ТЖ режимінің сақталуына байланысты шомылу маусымы әлі де болса ашылған жоқ.
Соған қарамастан, Жылыой ауданының тұрғындары құтқарушылардың ескертулерін елемей, суға түсудің соңы көп жағдайда қайғылы жағдаймен аяқталып отыр.
" Жыл басынан бері аудан бойынша барлығы 7 адам суға батып кетті. Жылыой ауданының төтенше жағдайлар бөлімі авариялық-құтқару командасымен және полиция бөлімімен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Қазіргі уақытта құтқарушылар тәулік бойы жағалау аумағында күшейтілген режимде кезекшілік етеді, атап айтқанда, 6 қызметкер, 2 бірлік техника және 3 арнайы құқық құралдары жұмылдырылды", – деді Жылыой ауданының ТЖ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Рүстем Жақсылықұлы.
Баян Жанұзақова, Атырау облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.