Шымкентте қамқорлығына және асырап алған балаларын қинаған жергілікті емші ісіне сот нүкте қойған болатын. Бүгінде оның әйелі тергеліп жатыр. Бұл туралы Kazinform жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
6 баланы қорлаған Ұ.Смановтың әйелінің үстінен Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша іс қозғалған. Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады.
«Аталған факті бойынша жергілікті тұрғынның әйеліне қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген қалалық полиция мәліметінде.
Шымкентте жергілікті емшінің 6 баланы асырап алып, оларға ит пен мысықтың етін бергенін, үш жылдан бері азаптап келгені хабарланған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.