Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жұптық сында жасөспірімдер арасында "Уимблдон" турнирінің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандық жұп екінші айналымда словакиялық Рената Ямрихова мен жапониялық Эни Койкеге қарсы шықты.
Бірінші партияда Арыстанбекова/Жиенбаева жұбы 6:2 есебімен басымдық танытса, екінші сетте қарсыластар қарымта қайтарды. Ал супер тай-брейкте Асылжан мен Соня жеңісті жұлып алды – 10:6.
Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жартылай финалға шығу үшін Джули Пастикова (Чехия)/Юлия Штузек (Германия) жұбымен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.