Әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа сурет жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әнші қазір отбасымен шетелде демалып жүр.
"Таныдыңыздар ма? Біз Катар еліндеміз! Бұл елде осылай киінбесем, басқа амал жоқ, Қалай ойлайсыз неге? Үш нұсқа айтайын: 1. Катар ең ыстық елдердің бірі. 2. Бұл елдің ережесі осындай (ашық шомылуға арналған киіммен суға түсуге болмайды) 3. Қонақүйде қазақстандықтар өте көп, шомылуға арналған киіммен жүру ұяттау", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдірген.
«Ыстық әрі ашық-шашық киінуге болмайды», «Айнұр Тұрсынбаева екен деп қалдым», «Мұсылман елі болғаннан кейін ашық-шашық суға тусуге болмайды», «Өте ыстық болғандықтан», - деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.