WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы ауруханадан шыққанын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Боксшы бейсенбі күні салмақ қуу кезінде өзін нашар сезініп, ауруханаға түскен еді.
«Әр қиындық артында жеңілдік бар! Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын. Уайымдап жатқан жанашыр жанның бәріне көп рақмет! Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық. Денсаулық бірінші орында. Ауырмаңыздар, жақындарыңыз ауырмасын. Біз жауынгерміз ғой, мұндай сынақтар бізді сындырмайды, шыңдайды! Бұйыртса әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетеміз! Қолдауларыңызға рақмет!» - деп жазды боксшы.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен жаңа зеландиялық Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды. Кездесу 13 шілдеге жоспарланған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.