Бірінші күні 14 мыңға жуық құжат қабылданды, – деп жазады Aikyn.kz.
Тағы да естеріңізге сала кетеміз, құжаттарды қабылдау:
- еGov арқылы онлайн форматта;
- ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады;
- Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.
Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.
Атап өтсек, отандық ЖОО-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.