Қайғылы оқиғаға қатысты кешенді тергеу басталды. Бұл деректі Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 14 шілде күні сағат 16:30 шамасында болған.
Атырау қаласындағы "Мұнайшы“ стадионындағы бассейнге 10 жасар бала батып кетіп, қайтыс болды. Қазір аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері кешенді тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
«Мұнайшы» стадионындағы бассейніне 2019 жылы қайта жаңғырту жүргізілген. Бассейндегі олимпиадалық стандартқа сәйкес 8 жолаққа бөлінген жүзу жолының ұзындығы – 50, ені – 21, ал тереңдігі 2 метрден асады. Бассейн 2020 жылы сенімді басқаруға берілген. Мұнда 600-ден астам бала су спортымен айналысуға келеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.