Орал қаласында 5 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 15 шілде күні «Астана» шағынауданында болды.
«Сағат 12.52-де 20-үйден биіктіктен құлау дерегі бойынша шақырту түскен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 4-қабаттан құлаған 5 жасар баланы шұғыл түрде жақын маңдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Қазіргі кезде бала жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Дәрігерлер медициналық тексеруден өткізіп жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.