Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов 19 миллиард теңгеден астам мемлекет қаражатын ұрлаудың 111 оқиғасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
"Азаматтарды алаяқтық схемаларға тартудан қорғау мақсатында қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 22 тергеу басталды. Құқыққа қарсы мазмұндағы 14 мың сілтеме алдын ала бұғатталып, 100-ден астам құқыққа қарсы чаттар мен аккаунттар жойылды", – деліген хабарламада.
Бұдан бөлек, 19,2 миллиард теңгеге бюджет қаражатын ұрлаудың 111 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
"Жалпы, қылмыстық істер бойынша өтем 3,5 есе (48,3-тен 164,4 млрд теңгеге дейін), оның ішінде ақша 7 есе (11-ден 79 млрд теңгеге дейін) ұлғайды, бұл жұмыс тиімділігінің артқанын көрсетеді", – делінген хабарламада.