«Мен оралам»: Қайрат Нұртас қашан бостандыққа шығады

Әншінің отбасына оралуын әсіресе анасы әрі продюсері тағатсыздана күтіп жүргенін байқауға болады.

Үстінен әкімшілік іс қозғалып, қамауға алынған әнші Қайрат Нұртас жақында бостандыққа шығады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әншінің отбасына оралуын әсіресе анасы әрі продюсері тағатсыздана күтіп жүргенін байқауға болады. Гүлзира Айдарбекова әнші қамауға алынған сәттен бастап архив ақтарып, өткен күндерді еске алып жүр. Бұл жолы әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Нұртастың орындауындағы "Мен оралам" әнінің видеосын жариялады. 

Осыған байланысты желідегі жұрттың пікірі екіге бөлінді. Бірі әншінің анасына қолдау білдірсе, екіншісі қатты алаңдауға негіз жоқ деп есептейді.

«Парақшаңызға қайта-қайта салып халықты алаңдата бермеңіз», «4 күн қалды, арамызға аман-есен оралсыншы», «Қайратқа сабыр тілеймін, 20 шілде күні аман-есен шығуын күтіп жүрміз, шаршамаңыз», «Аман-есен орал отбасыңа! Ана жүрегін түсінеміз» деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.