Қарағанды облысында "Алматы-Екатеринбург" тасжолында 2 көлік соқтығысқан.
Салдарынан сегіз адам жол апатынан зардап шекті. Бәрі түрлі жарақаталған. Олар ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
"Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары дереу келіп, әртүрлі ауырлықтағы жарақаттары бар зардап шеккен 8 адамға медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.