Астана қаласы ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде, Байқоныр ауданында орналасқан 2 қабатты «Ажар» сауда үйінің 3 сауда бутигі жанып жатқаны анықталды. Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылып, барлығы 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт болған кезде ішінде адам болмаған.
Өрт толығымен нақтыланған ақпарат бойынша 60 шаршы метр алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.