Сәрсенбіде ауа райы күрт құбылмалы болады
Сәрсенбіде ауа райы күрт құбылмалы болады
Фото: Интернеттен алынды
5,151
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батыс, орталығы мен шығысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауады, жел күшейеді, жаяу бұрқасын күтіледі, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады. Республиканың кей жерлерінде тұман және көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.