Қазақстандықтарға ескерту: «Алаяқтар сіздің атыңыздан құжатқа қол қоя алады»

Қазір интернет арқылы алдайтын алаяқтар көбейіп кетті. Оларға ешқандай кодты айтпау қажет.

Қазақстандықтарға 1414 нөмірінен келген кодты ешкімге жібермеу керегі ескертілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

eGov.kz мәліметінше, алаяқтар хабарламада келген кодты алып, цифрлық мәліметтеріңізге қол жеткізіп алуы мүмкін. 

"ЭЦҚ-ны өзге адамға берсеңіз, алаяқтар түрлі құжаттарға заңды түрде сіздің атыңыздан қол қоя алады", – делінген хабарламада.  

Жеке деректерді қалай қорғауға болады?

1414 кодын үшінші тұлғаларға бермеңіз;

ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға бермеңіз;

егер қызметкерлерде ЭЦҚ кілттері болса, онда олар жұмыстан шығарылғаннан кейін ЭЦҚ-ны қайтарып алуды қадағалау қажет;

ресми құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭЦҚ беру қажет;

ЭЦҚ кілттері бар флэш дискіні жоғалтқан кезде ЭЦҚ жоғалған кілттерін кері қайтарып алу қажет;

ХҚКО-да ЭЦҚ кілттерін алған кезде олардың құпия сөзін өзгертуді ұмытпаңыз;

бейтаныс адамдардан ЭЦҚ кілттерін алуда ақылы көмекті қабылдамаңыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.