Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған Әбдіжаппар Әлқожа бостандыққа шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Өнер иесі жеке парақшасына видео жариялап, оқырман қауыммен қауышты.
Күйін кештім мен бүгін,
Көкбөрілердің жаралы.
Адым сайын аңдыған,
Қақпаннан сирақ қанады.
Арландарым атылып,
Бөртелер кезді даланы.
Айналамның барлығы
Шибөрі болып барады.
Балақтан тартқан әр итке көңіл бөлсең сапарыңнан қаласың, – деген жазба қалдырды өнер иесі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.