Семейде баланы өлтіріп, жол бойындағы дәретханаға денесін тастаған ер адамға сот үкім кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сот мәліметінше, баланың анасы жұмысқа кеткен уақытта оны күтуші әйелдің үйіне қалдырған. Күтуші әйелдің күйеуі 4 жасар балаға физикалық және моральдық тұрғыдан төрт ай бойы қорлық көрсеткен. Ер адам өзінің 9 жастағы қызына да сексуалдық сипаттағы азғындық әрекеттер жасаған.
Айыпталушы баланы өлтіру үшін оның басынан бірнеше рет ұрған. Бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Оның өлімін күткен ер адам денесін сөмкеге салып, жол бойындағы дәретхананың шұңқырына тастап кеткен.
Ер адамның жұбайы бала үйде болған уақытта оны қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолданбаған.
Прокурор ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Ауырлататын факторлардың жоқтығын және жас балалар түріндегі жеңілдететін жағдайлардың болуын ескере отырып, прокурор әйелге 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
141-баптың 2-бөлігінің санкциясымен баламалы жаза қарастырылған: бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде.
Ер адам азаптау бабымен кінәні толығымен мойындады, қалған айыптардан бас тартты. Ал күтуші әйел өз кінәсін толық мойындады.
Сот айыпталушыны балаға қатысты азғындық, азаптау және кісі өлтіру әрекеттері үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Сотталған күтуші әйел балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдар мен педагогикалық лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыруға жазаланды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.