Синоптиктер ертең, 18 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай жарқылдайды. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с, кей уақытта 18 м/с.
Алматы қаласында 19 шілдеде кей уақытта найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде облыстың шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Астанада кей уақыттарда найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз бұршақ болуы ықтимал.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының шығысында найзағай ойнайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. 19 шілдеде облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус аптап ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының тауларында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.