Сәбит Әбдіхалықов пен актриса Айгүл Иманбаева киноға түсіп жатыр, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұл туралы Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. “Көке” деп аталатын фильмнің режиссері жұлдызды жұптың ұлы – Асылжан Әбдімүтәлі.
“Бүгін түсірілім алаңына Сәбит Әбдіхалықов келді. Идея авторы мен бас продюсері. Бұрынғы әйелімен бірге киноға түсіп жатыр. Не деген қарым-қатынас?! Сәбит сонымен қатар қазақ демографиясына үлес қосып жүр. Бүгінде жеті баланың әкесі”, – дейді Баян Мақсатқызы.
Айгүл Иманбаева киноның түсірілімі басталғанын атап өтті.
«Менің продюсерлігіммен Асылжан режиссердің еліміздегі абсурдтық комедия жанрындағы ең алғашқы туындының түсірілімі ресми түрде басталды», – деп жазды актриса.
Түсірілім басталардан бұрын Сәбит Әбдіхалықов пен актриса Айгүл Иманбаева ұлының жұмысына, түсірілім тобына сәттілік тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.