Беларусь президенті коронавирустан қалай қорғану керектігі туралы кеңес берді
Беларусь президенті коронавирустан қалай қорғану керектігі туралы кеңес берді
© inform.kz
311
оқылды
Беларусь президенті Александр Лукашенко елде коронавирустың жаңа түрінің таралуына жол бермеу туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап. «Біз мына жағдайды ерекше ескеруіміз керек – қолдарыңызды үнемі жуып, көшеде танымайтын адамдармен құшақтасып, амандаспаңыздар. Мен жеке гигиена туралы айтып тұрмын. Қалғанының барлығына Денсаулық сақтау министрлігі жауап береді. Барлығы өзімізге байланысты. Сондықтан, өздеріңізді, балаларды, әсіресе кішкентай балақайларды қауіп-қатерден сақтаңыздар. Мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылданады», - деді Беларусь президенті. Александр Лукашенко Беларусьте Ресейдегідей дүрлікпе жағдайлардың болмағанын, жаппай медициналық маскалар сатып алынбағанын айтты. «Ешкім де дүрлігіп, жүгіріп жүрген жоқ. Қазіргі уақытта адамдардың қауіпсіздігін сақтау бағыттарында жұмыстар атқарылуда. Коронавирус жұқтырған адамдарды оқшауландырып, емдейміз. Алайда бізде ондай факті тіркелген жоқ», - деп түйіндеді Александр Лукашенко.