"Қазақфильм" киностудиясының қызметкерлері бір жыл бойы жалақы алмағанын айтып, киностудия алдына жиналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Олар басшылықтан мәселені шешуін талап еткен. Анимация бөлімінің мамандары бір жыл бойы «Алтын адам» толық метражды анимациялық фильмімен жұмыс істеген. Алайда өздеріне тапсырылған міндетті орындағанымен, айлығын ала алмай жүр.
«Қазақфильм» президенті, актер Азамат Сатыбалды қызметкерлермен кездесуге шықпады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында осы жайтқа қатысты жазба жариялаған.
«Ей, пендем! Ер жігіттің бабын алсаң да, басындағы бағын ала алмассың. Соны ұмытпа. Жала жабу. Аяқтан шалу. Жұмыс жасатпау. Көре алмаушылық. Бір-екі күнде мақала шығады. Толық жауап сол жақта болмақ. Аллаға аманат!», – деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.