Биыл І тоқсандағы мәлімет бойынша 15-34 жас аралығындағы NEET санатындағы жастардың үлесі 7,4% (12880 адам) болды (республика бойынша 7,0%).
Аймақта NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытындағы жұмыстарға негізгі басымдылық берілген.
NEET санатындағы жастармен жұмысты күшейту және санын азайту, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар аясында бағыт-бағдар беру мақсатында 1360 жастың қатысуымен 39 кездесу өтті. Сонымен қатар, аудан/қала, ауыл жастарына «Ауыл аманаты» мен жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жобалары туралы 78 ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған шараға жалпы 1 200 жас қатысты.
Жыл басынан 4 «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. 36 жұмыс беруші мекеме қатысып, 150 бос жұмыс орындары ұсынылды. Нәтижесінде, 2 адам кәсіптік қайта даярлау курстарына, 4 адам қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, 5 адам әңгімелесуге және 8 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданды. Жәрмеңкеге 122 адам қатысты.
Ақпараттық-консультациялық көмекпен облыс көлемінде 1 757 жас қамтылды. Оның ішінде: білім беру мәселелері бойынша – 189 адам, жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалар бойынша түсініктеме – 1 568 адамға берілді.
Бұған дейін Жетісуда Халықаралық жастар күні өтетіні туралы хабарлаған болатынбыз.
Болат АБАҒАН, Жетісу облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.