Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Төле би ауылының 41 жастағы тұрғынын ұстағанын хабарлады. Күдіктінің көлігін тексеру кезінде пакетке салынған 4 келі 630 гр есірткі (гашиш – ред.) табылды. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында: «Тінту кезінде ұсталған азаматтың тұрғылықты мекенжайынан 12-калибрлі қару және 4 оқ, сондай-ақ қоймасынан 30 келі 380 гр салмақта кептірілген марихуана бары анықталды», – делінген. Бүгінгі таңда күдікті өз кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.