«Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ»: Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжан екеуіне қатысты қауесетке нүкте қойды

Олар жақында ғана «Рас па, жаным?» атты жаңа ән жаздырып, бейнебаян түсірген болатын.

Әнші Әйгерім Қалаубаева әріптесі Нұрлан Әлімжан екеуіне қатысты алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі Нұрлан Әлімжанмен тек достық қарым-қатынаста екенін айтты. 

«Қымбатты менің парақшамдағы асыл жандар! Нұрлан екеуміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. Жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ, шүкір! Бізді байланыстырған нәрсе – өнер. Бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз. Әркім өз әлемінде бақытты. О, Жаратқан Ием! Елім, ата-анам, ер-азаматым, балаларым, бауырларым және менің қымбатты инста әлемімдегі достарым бағыма аман болсын, әмин»,  деп жазды Әйгерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.