Қостанай полициясы 62 жастағы ер адамның өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
ПД баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, Қостанай қаласында көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды.
Полицияға ер адамның бесінші қабаттан құлағаны туралы хабарлама келген.
Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Себебі анықталып, тексеру жүргізілуде.