Кеше жоғалып кеткен 3-сынып оқушысы аман-есен табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұл баланы полицейлер, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар бүкіл қала болып іздеді. Іздеу қараусыз қалған ғимараттарда да, ойын-сауық орындарында да жүргізілді. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары оқушыны Шығыс кентінің аумағынан тапты.
«Қазіргі уақытта ол Әуезов полиция бөліміне жеткізіліп, онымен әңгіме жүргізіліп жатыр. Бала психологтың қарауынан кейін ата-анасына тапсырылады», – деп хабарлады Абай облысы Полиция департаментінен.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.