Қызылорда облысында жол-көлік апатынан бір адам оқиға орнында қаза тапты, сонымен қатар бес адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Тәжікстаннан Ресей мемлекетіне бағыт алған "Kia Rio“ автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағыттағы көлікке соқтығысып, бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Бес адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.