Анықталғандай, әйел 6 адамға кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттен берілетін қайтарымсыз ақша алып беремін деп уәде берген, – деп жазады Aikyn.kz.
Қызметі үшін қомақты ақша алған соң, сөзінде тұрмай қашып жүрген.
Тәртіп сақшылары күдіктінің дәл осыған ұқсас 5 жайтқа қатысы барын және бұрын алаяқтығы үшін сотты болғанын анықтады. Яғни, оларға да жалған уәде беріп, жәбірленушілерге 3,5 миллион теңгеге жуық шығын келтірген.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.