Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 21 шілдеде болды, – деп жазады Aikyn.kz.
«Биылғы 21 шілдеде «Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген «Volvo» жүк көлігі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», – деп жазды ведомстводан.
Сонымен бірге, тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.