Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады

Ұшқыш жанып жатқан техникадан өзі шыққан.

Бүгін Державинск қаласынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағы өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өзі шыққан. 

Шақырылған сәттен бастап 8 минут ішінде ТЖМ құтқарушылары өртті оқшаулады. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.