Баланың мүлкіне қол сұққан кім?
Баланың мүлкіне қол сұққан кім?
131
оқылды
Нұр-Сұлтан қала­сын­дағы балабақшаның біріне ұры түсіпті. Ол мектепке дейінгі білім беру мекеме­сінен тұрмыстық заттар, тұр­мыстық химия затта­рын, тіпті қоқыс контей­не­рін алып кеткен көрінеді.
Елордалық полиция қыз­меткерлері балабақшаны тонады деген күдіктіні қолға түсіріпті. «Дүкенұлы көшесіндегі бала­бақ­ша қоймасының құлпын бұзып, тұрмыстық заттарды және қоқыс контейнерін ұрлаған 40 жастағы күдіктіні қолға түсірдік. Күдікті бұрын сотталған. Тергеу бары­сын­да ол өзінің қылмысын мо­йындады, әрі заттай айғақтар табылды», – дейді полиция қызметкерлері.
Әзірге тергеу жұмысы жүр­гізілуде. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.   Ж.НҰРЛАН