Нұр-Сұлтан қаласындағы балабақшаның біріне ұры түсіпті. Ол мектепке дейінгі білім беру мекемесінен тұрмыстық заттар, тұрмыстық химия заттарын, тіпті қоқыс контейнерін алып кеткен көрінеді.
Елордалық полиция қызметкерлері балабақшаны тонады деген күдіктіні қолға түсіріпті. «Дүкенұлы көшесіндегі балабақша қоймасының құлпын бұзып, тұрмыстық заттарды және қоқыс контейнерін ұрлаған 40 жастағы күдіктіні қолға түсірдік. Күдікті бұрын сотталған. Тергеу барысында ол өзінің қылмысын мойындады, әрі заттай айғақтар табылды», – дейді полиция қызметкерлері.Әзірге тергеу жұмысы жүргізілуде. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ж.НҰРЛАН